40 жастағы Мэнни Пакьяо қарсыласымен көз түйістірді (видео)
40 жастағы Мэнни Пакьяо қарсыласымен көз түйістірді (видео)
344
оқылды

Пакьяо осы уақытқа дейін кәсіпқой рингте 61 мәрте жеңіске жеткен

Филиппиндік 40 жастағы кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо мен америкалық боксшы Кит Турман жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Қос боксшы да бірдей салмақ, 146,5 фунт, яғн 66,45 келі көрсеткен. Олардың кездесуі біздің елдің уақыты бойынша 21 шілде күні таңертең басталады. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтпек. Осы жылдың қаңтар айында Пакьяо америкалық Эдриен Бронерді жеңіп, WBA титулын иеленген еді. Ал Турман болса жартылай орта салмақта WBA Super белдігінің иегері. Жыл басында ол Хосесито Лопестен айласын асырған.

Пакьяо осы уақытқа дейін кәсіпқой рингте 61 мәрте жеңіске жетіп, соның 39-ын нокаутпен аяқтаған. Жеті рет жеңіліп, екі рет тең түскен. Ал 30 жастағы Турман өзі қатысқан 29 кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, 22 рет қарсыласын нокаутқа түсірген.

https://youtu.be/SmyRF9q9dMk