DAZN Головкинмен болатын үшінші жекпе-жекке байланысты «Канелоға» ультиматум қойды
DAZN Головкинмен болатын үшінші жекпе-жекке байланысты «Канелоға» ультиматум қойды
290
оқылды

Олардың кездесуі желтоқсан айында өтуі мүмкін

Орта салмақта WBC (Franchise), WBA (Super) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске DAZN стримингтік сервисі ультиматум қойды.

DAZN өкілі Крис Мэнникстің айтуынша, Альварестің командасының IBF титулына міндетті үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуіне DAZN тек бір шартпен ғана рұқсат бермек. Яғни, бұл үшін мексикалық боксшы қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға кепілдік беруі тиіс.

«Канелоның» Деревянченкомен жүргізіп жатқан келіссөзіне байланысты соңғы ақпарат осы. DAZN рұқсат беру үшін, Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырықтасатыны туралы өзіне міндеттеме алуы керек. Golden Boy үшін бұл түсінікті сигнал деп ойлаймын» деп жазды Мэнникс әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Альварес IBF титулынан бас тартып, украиналық боксшымен келіссөз бастағаны туралы ақпарат тараған. Олардың кездесуі желтоқсан айында өтуі мүмкін. Мексикалық боксшының айтуынша, ол қыркүйекте ешқандай кездесу өткізбейді. Ал DAZN-ның осы мәлімдемесінен кейін ол күзде Головкинге қарсы шаршы алаңға шығуы әбден мүмкін.