Қарызға батқан әуекомпаниясы ұшақ сатуға мәжбүр
Қарызға батқан әуекомпаниясы ұшақ сатуға мәжбүр
378
оқылды

Өзбекстанның «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясы өсіп бара жатқан қарызын өтей алмағандықтан, 8 ұшағын сатуға шығаруға кірісті.

Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.

Алдағы айда компания Boeing 787-8 Dreamliner маркалы екі әуелайнерін сатылымға қояды. Бұл ұшақтардың әрқайсы кезінде 250 млн АҚШ долларына сатып алынған екен.

Ұлттық компания ұшақтарды сату туралы шешімді ел үкіметімен бірге қабылдаған. Қазіргі уақытта компания паркінде 37 ұшақ бар.