Қазақстандық қызбен көңіл жарастырған әйгілі футболшы ресейлік клубқа ауысты
Қазақстандық қызбен көңіл жарастырған әйгілі футболшы ресейлік клубқа ауысты
296
оқылды

Германия құрамасы сапында да өнер көрсетіп, 57 матчта 22 гол соққан

Дортмундтық «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Андре Шюрле ресейлік «Спартак» клубына ауысып келді. Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайты хабарлады. Екі клуб арасында жалға алу келісімі жасалған.

Келісімшарт бойынша Шюрле мәскеулік клубтың намысын жыл соңына дейін қорғайды. Одан кейін «Спартактың» футболшыны біржола сатып алуға да құқығы бар.

28 жастағы футболшы жаңа клубы сапында 3 миллион еуро жалақы алады. Оның ресейлік клубты таңдауына сүйіктісі – қазақстандық модель Анна Шарипова да әсер еткен. Шюрленің «Боруссиямен» келісімшарты 2021 жылға дейін жарамды. Соңғы маусымды футболшы ағылшындық «Фулхэм» қатарында өткізіп, 24 матчта 6 гол соқты. Бірақ маусым қорытындысы бойынша оның клубы АПЛ-дағы орынын сақтап қала алған жоқ.

Сондай-ақ ол Германия құрамасы сапында да өнер көрсетіп, 57 матчта 22 гол соққан. Клубтық деңгейде «Вольфсбург», «Байер», «Майнц», «Челси» командаларында ойнады.

https://youtu.be/oN7hUYpr3-g