Головкиннің мәселесі Альварес пен Golden Boy арасына сызат түсірді
Головкиннің мәселесі Альварес пен Golden Boy арасына сызат түсірді
5,325
оқылды

Де Ла Хойя күзде триологияны ұйымдастыруға мүдделі

The Athletic  журналисі Лэнс Пагмайердің жазуынша, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес пен ол жұмыс істейтін Golden Boy промоутерлік компаниясының арасында дау туындаған.

Бұл туралы отандық vesti.kz сайты жазады. «Де Ла Хойя осы күзде, дәлірек айтсақ қыркүйек айында Головкин мен «Канело» жұдырықтасуы үшін DAZN-мен келісімшартқа отырды. Бұл «Канелоның» ренішін туғызды» деп жазады журналист.

Сондай-ақ боксшыға Golden Boy-дың басқа боксшыларының жекпе-жегін трансляциялағаны үшін бес жыл бойы стримингтік компанияның 90 миллион доллар төлеуі туралы тармақ та ұнамаған.

Еске салсақ, қазіргі таңда Головкин мен «Канело» арасында үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру туралы ресми келісім жоқ. Тек қауесет ғана бар. Бұған дейін Альварес ресейлік Сергей Ковалевпен келісімге келе алмаған болатын. 

Сондай-ақ қаржы мәселесіне орай украиналық Сергей Деревянченкомен де бір мәмілеге келе алмады. Нәтижесінде, мексикалық боксшы IBF титулынан айырылып қалды. Енді бұл титулға Головкин мен Джейкобс таласуы мүмкін.