«Халықтың қиналғанын мойындауымыз керек» – 5 айдан астам уақытқа созылған карантин де өтті
«Халықтың қиналғанын мойындауымыз керек» – 5 айдан астам уақытқа созылған карантин де өтті
Фото: Айтжан Мұрзанов
667
оқылды

Бірақ Үкімет халық үшін ішінара карантин талаптары сақталатынын айтты. Былтыр Уханьнан таралған коронавирус биыл бүкіл әлемді ұлардай шулатты. COVID-19-ға ұшқан құс, жүгірген аң, не жарқанат, не адамзат кінәлі екені әлі нақты дәлелденген жоқ. 

Әуел баста Батыс пен Шығыста жаппай таралған вирус Қытаймен қоңсы отырған Қазақстанға «наконец-то наурыз айында келді». [caption id="attachment_65064" align="alignleft" width="300"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]

Сол кездегі Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің ресми хабарламасы төбеден жай түскендей еді. Ертеңіне елде төтенше жағдай жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанда 2020  жылғы  16  наурыздағы   08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін» деген Жарлығы шықты.

Биыл қаңтар-ақпан айларында Уханьнің халқы қос өкпесін қолына алып, ала шапқын болып жатқан кезде Қазақстанда ең бірінші болып білікті дәрігер, трансплантолог, хирург бұрын Денсаулық сақтау министрі болған Жақсылық Досқалиев «бұрын-соңды медицинада зерттелмеген вирустың қауіпті екенін» айтып, дабыл қақты. Бірақ оны елеген, кәсіби дәрігердің кеңесіне құлақ асқан ешкім болмады.   [caption id="attachment_65066" align="alignleft" width="300"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]
Жақсылық Досқалиев: «Пандемия біздің өзгелерге жарық түсіру үшін өзіміздің жанып кететінімізді көрсетті», – деді. Жыл басында Қазақстанда – қыс, шетелде – жаз. Жапатармағай жеңілдікпен теңіз жағасында демалып, круиздік кемемен мұхитта жүземін деп жанталасты.  Биыл бір айда, яғни 27 ақпан – 25 наурыз аралығында 400 мыңнан астам қазақстандық шетелге шыққан. Сыртқы істер министрлігі өкілі Айбек Смадияров: «27 ақпаннан бастап Төтенше жағдай енгізілгенге дейін еліміздің 400 мыңнан астам тұрғыны Сыртқы істер министрлігінің шетелге шықпау туралы ескертуіне қарамастан, шекара асып келген» деді.
Іле-шала сол кездегі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «...сондықтан үнемі карантинде отырмау үшін вируспен өмір сүріп үйрену маңызды», - деп мәлімдеме жасады. Тәжірибелі дәрігер шетелге мүлдем шықпауға кеңес берді.
[caption id="attachment_65067" align="aligncenter" width="900"] width= 2017-2020 жылдары Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов. Коронавирусқа шалдыққан соң, өз еркімен қызметінен кеткен. Фото: Интернеттен алынды[/caption] Бірақ екі бірдей экс-министр, дәрігерлердің айтқанына құлақ асқандар ілуде біреу болмаса, коронавирустың қаупін қаперге алғандар некен-саяқ. Қазақстанда коронавирус ең алдымен Германияға барып келгендерден анықталды. Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Таиланд, Үндістан, Мальдив аралдарында саяхаттап жүргендерді Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары жабылатындықтан шұғыл елге жеткізді. Кейін шетелге барып, келген басқа азаматтардан да коронавирус анықталды...   [caption id="attachment_65068" align="alignleft" width="300"] width= Коллаж: А.Бек[/caption] Сол уақытта Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өркен Бисақаев шетелде 4 мыңнан аса жерлесіміз саяхаттап жүргенін айтты. Олар Египет, Таиланд, Үндістан және Біріккен Араб Әмірліктерінің демалыс орындарында екені анықталды.   Ал әлем коронавирустің емін іздеп, шарқ ұрып жатқанда «шетелге саяхаттаймын» деп буынып-түйініп отырған 5526 қазақстандықтың шетелге сапары кейінге шегерілді.  

Елде төтенше жағдай жарияланған соң, блокпосттар қойылды

  [caption id="attachment_65069" align="alignnone" width="1024"] width= Фото: akorda.kz[/caption] Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев блокпосттағы жұмыс оңай болмағанын айтты. 52 мыңнан астам қызметкер блокпосттарда күні-түні қызмет атқарды. Олардың арасында полицейлер, құтқарушылар, әскери қызметшілер және ішкі істер органдарының медицина қызметкерлері бар. Карантинде қылмыс 26%-ке төмендеді. Полиция мен министрліктің басқа да құқық қорғау органдары мұндай ерекше режимде алғаш рет жұмыс істеді.

«Оңай болған жоқ. Тәулік бойы жұмыс істеу, казармалық жағдай, үй мен отбасынан жырақта болу, кейбір азаматтардың түсінбеушілігі мен қарсылығы үлкен психологиялық және физикалық жүктеме тудырды.

Бірақ біздің қызметкерлеріміз 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызмет өткеруді жалғастырды», – деді Тұрғымбаев.

Карантин режимі кезінде елде 400-ге жуық блокбекет жұмыс істеді. Онда 6 мыңға жуық қызметкер еңбек етті. Блокбекеттерде 3,2 миллионнан астам көлік және 5 миллион жолаушы тексерілді.

«Блокпосттағы «Парламент» – пара алғандар қызметтен айырылды 

Карантин кезінде тәртіп бұзған шенеуніктердің әрекеті, блокпосттардағы жемқорлық та әшкере болды. Бір ғана мысал, Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полициясының рота қызметінің инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің хабарлауынша, инспектор параны рұқсат қағазынсыз жүру үшін алған.

«Инспектор 30 мамырда Ақтөбе қаласының шыға берісінде орналасқан «№4 Магистраль» блокпосттан арнайы рұқсат қағазынсыз жүру үшін жеңіл көлік жүргізушісінен құны 10 800 теңге болатын екі блок «Парламент» темекісі түрінде пара алған», – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ІІ департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Д.Биғайдаров.

 

Алматы маңындағы полицейлердің қазасы...

  [caption id="attachment_65070" align="alignnone" width="800"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Алматы маңындағы жол апаты 25 мамырда таңертеңгі сағат 05:26-лар шамасында №4 блокпостта болған. БМВ-нің мас жүргізушісі алдымен темір қоршауды соғып, содан кейін ұшып, полиция көлігін соққан. Онда екі полиция қызметкері отырған. 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Абдықанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.   [caption id="attachment_65071" align="aligncenter" width="2044"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен блокпосттағы апат кезінде көз жұмған екі полиция қызметкері мемлекеттік награда берілді. Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) ІІ дәрежелі «Айбын»,  Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.
Алматыдағы блокпосттағы жол апатынан қайтыс болған полицей Жарас Жанғазиев ұлды болуды 10 жыл күткен.  «Ұлды болсам, бүкіл ауылға той жасаймын» деп арманда кетті.

«Қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты» – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұрған кезде бірнеше рет карантин режимін күшейтуге Үкіметке тапсырма берді.   [caption id="attachment_65072" align="aligncenter" width="1140"] width= Фото: akorda.kz[/caption]
«Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр. Даңқты балуан, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары», –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

13 шілде – Ұлттық аза тұту күні

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – деп 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 width= Фото: akorda.kz

Коронавирустан қайтыс болғандарды Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

  https://youtu.be/lB57LqYEL6I Тәуелсіздік алғанннан бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 9 рет жарияланды.  

«Оқушылардың амандығы үшін қашықтан оқудан басқа амал жоқ…» – Асхат Аймағамбетов

Жаңа оқу жылының проблемасы талқыланған Үкімет жиынында Премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Цифрландыруға жауапты министрліктерге 1 қыркүйектен бастап орта мектептерде бірінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында өткізуге дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектепте 1-11 сынып оқушылары жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында қашықтан оқиды», – деді.
  [caption id="attachment_65074" align="alignnone" width="750"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]  
«Ашық айту керек, республика бойынша 185 мың білім алушының компьютері жоқ. Әсіресе, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларын компьютермен қамту керек. 24 мың педагогтің жеке компьютері жоқ, 2 мың педагогтің интернеті жоқ», – деді Білім министрі.
  [caption id="attachment_65096" align="aligncenter" width="810"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]

 

42 500 теңгеден бастап... 21 250 теңге кімдерге тиесілі екенін түсіндірген Біржан Нұрымбетов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ең соңғы мәліметі бойынша 42 500 теңгені 2,3 миллионнан астам қазақстандық алды.   [caption id="attachment_65075" align="alignnone" width="1500"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 548 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
  • 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
  • 659,5 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 396,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 657,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
  • 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.
  • 34,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
  • 246,3 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
1 млн 467,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Қазақстанда карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.   [caption id="attachment_65108" align="aligncenter" width="960"] width= Фото: Тұрар Қазанғаповтың Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Сардоба апаты: Мақтааралда жаңа үйлер салынып жатыр  

Коронавирус таралған тұста «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартып» сапасыз салынған Өзбекстанның Сардоба су қоймасында апат болды.   [caption id="attachment_65076" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Тасқын су жолындағыны жайпап өтіп, шекара асып Мақтааралды шайып кетті. Қиындықта бір үйдің баласындай бүкіл Қазақстан халқы оңтүстікке көмектесті.    width= Өз айыбын өтеу үшін Өзбекстан азаматтары да құрал-сайманын қолтықтап келіп, мақталы өңірді қалпына келтіруге атсалысты.   [caption id="attachment_65077" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды[/caption] Сардоба апатының салдарын жоюға жұмылған ел тау өзені арнасынан асты. Тасқын судан зардап шеккен Түркістан облысы Төлеби ауданы, Шымкенттің маңайындағы елге де көмек көрсетті.  

Вакцина жыры біткен емес...

  [caption id="attachment_65078" align="alignnone" width="1800"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігі қауіпсіз және тиімді вакцинаны күтіп отырғанын айтты. Бас санитар дәрігер вакцина егуде қай жастағы адамдарға басымдық берілетініне де тоқталды.

«Бүгінгі күні біз осы вакцинациялауға жататын топтармен жұмыс істеп жатырмыз. Бізде қауіпті топтар бойынша жоспарлар бар, олар үшін коронавирус өте қауіпті.

Олар – 60-65 жастан асқан белгілі бір созылмалы аурулары бар адамдар. Бұл топқа медицина қызметкерлері де жатады. Себебі, олар емделушілермен байланыста болады», – деді Айжан Есмағамбетова.

 width= Ел ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші өзіне  салдырып, «Вакцина салғызып, Үкіметтің назарын аударғым келді» дейтін Қайсар Табынов секілді вирусолог-вакцинолог, профессорлар да бар.
«Қандай вакцина болсын, ең алдымен оның адамға қауіпсіздігі тексеріледі. Ол адамның денсаулығына зардабын тигізбеуі керек. Екінші кезекте оның тиімділігі тексеріледі. Ол кезде миллиондаған адам бір сәтте осы вакцинаны қабылдайды және ол адамдардың бәрінің дені сау болуы тиіс. Егер вакцина қауіпсіз болмаса, миллиондаған адамның денсаулығына зиян келеді», – дейді вирусолог.
 

Тойханалар қарапайым заттар шығаратын кәсіпорынға айналады

Тойхана иелерінің "Қарапайым заттар экономикасын" дамытудан басқа амалы жоқ. Өйткені карантин аяқталса да, той өткізуге рұқсат жоқ. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тойханалар өндіріс орнына айналды. Қысқасы, бірі – темірбетон өнімдерін өндіретін цех, екіншісі – құрылыс материалдарын, енді бірі – шеге, тор, тікенек сым сияқты ауыл шаруашылығына қажетті өнім түрлерін шығарады.   [caption id="attachment_65080" align="alignnone" width="750"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption]

 «Халықтың табысы азайып, кедейленіп бара жатқанын мойындауымыз керек»

Карантин режимі ресми аяқталды. Бірақ маска тағу, карантин талабын сақтау әлі де күшінде қала бермек. Себебі, халықтың денсаулығын сақтау, әрі-беріден соң, аман алып қалудың жалғыз жолы - осы.   [caption id="attachment_65081" align="alignnone" width="750"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Үкімет тығылып той жасамай, жақынына жанашыр болар деп халыққа сенім артып отыр. Карантин қайта оралмасын деп үміттенеміз. Себебі, халық кедейленіп, күнкөріс қиындағанын әкімдердің өзі мойындады. Қаншама жыл Үкіметті басқарған, экономиканың жілігін шағып, майын ішкендер карантинді қайта жариялауға болмайтынын айтты. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде берген сұхбатында карантиннен кейін экономиканы қалпына келтіру мәселесіне тоқталды.  
 «Қаланың экономикасына алдын ала болжам жасадық. Бұдан былай карантинді ашып, коронавирус азайып, карантин болмайды деп үміттеніп отырғанда осындай жағдайға қайта оралсақ, бұдан да жаман болады, экономика мұндай салмақты көтере алмайды. Қайта карантин жариялағанға төтеп бере алмайды», – деді Сағынтаев.
Оның айтуынша, карантин жеңілдеген соң, компаниялар аудит пен тексерулерден кейін 1 қыркүйектен өз жұмысын бастайды.
«Менің ойымша, экономика тез қалпына келеді. Біз жұмыспен қамтудың барлық бағдарламаларын ұсынып отырмыз. Жұмыссыздар бағдарламаларды тиімді пайдалануы қажет. Бұл мәселе бізді алаңдатады. Халықтың табысы төмендеп, кедейленіп бара жатқанын мойындауымыз керек. Біз жұмыс орындарын ашып, жұмысшыларға қолдау көрсетуге баса назар аударып отырмыз», – деді Сағынтаев.
Еліміздегі ең халқы көп қала, бұрынғы астана Алматының әкімі осылай деген соң, қазіргі астананың әкімі Алтай Көлгінов те «карантин талабын сақтайық!» деп әлеуметтік желі арқылы сақ болуға шақырды. [caption id="attachment_65082" align="alignnone" width="1200"] width= Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық бақ. 16 тамыз. 2020 жыл. Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Ресми үшінші мегаполис Шымкентті кезінде халқы көп аймақтың орталығы болып тұрған кезде Түркістан облысы «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқырттырмап» еді. Қазір Шымкент те шырайынан айырыла бастады. [caption id="attachment_65083" align="alignleft" width="295"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Пандемия басталмай тұрып, аймақтарды өрт шалып, суға кетсе де, ауыл, қала салсақ та "арқасүйеріміз" Атыраудың да қазіргі «халі» мүшкіл. Екі өкпесі ентіккен халқы бір жұтым таза ауа үшін араша сұрап отыр. Таза ауаның қадірі атыраулықтар ғана емес, бүкіл әлем халық үшін өзекті. Пандемия кезінде экология проблемасы судың бетіне қалқып шықты.      Айтып-айтпай не керек... Көз жазып қала жаздаған Көбейтұзға да Президент полициядан күзет қойды. Одан бөлек СҚ «Фармацияның» қоймасында таратылмай жатқан дәрі, дәрігерлердің қазасы, медицина қызметкерлерінің өздеріне тиесілі өтемақыны алмағаны, МӘМС-тегі ауыс-түйіс, ӨЖЖ (ИВЛ) аппаратын сатып алу, ауруханаларға жеткізу, Damumed дауы... қысқасы, Шпекбаев айтқандай, коронавирусты жемқорлықтың кесірінен жеңе алмай отырмыз.   [caption id="attachment_65084" align="aligncenter" width="750"]карантин Фото: Интернеттен алынды[/caption] Қазақстандағы бес айдан астам уақыт карантиндегі көкейтесті мәселе, елдің жайын, оқиғалардың анық-қанығын "Айқыннан" оқыңыз. Ал соңғы ресми мәлімет бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 102 696-ға жетті.