"Хабиб алғашқы махаббатын ұмыта алмаған". UFC чемпионының келіншегі, жеке өмірі туралы неге ештеңе белгісіз?
"Хабиб алғашқы махаббатын ұмыта алмаған". UFC чемпионының келіншегі, жеке өмірі туралы неге ештеңе белгісіз?
330
оқылды

Қазір ерлі-зайыптылар үшінші балаларын күтіп жүр

Жақында ғана америкалық Дастин Порьені жеңіп, ережесіз жекпе-жек әлеміндегі 28-і жеңісіне қол жеткізген дағыстандық Хабиб Нұрмагомедовтың жеке өмірі туралы ақпараттар тым аз. 

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионының үйлену тойындағы суретте де келіншегінің бет-бейнесі мүлде көрінбеген. Спортшы әлеуметтік желіде де отбасы туралы сурет салмайды. Ештеңе жазбайды. Ресейлік ақпарат көздерінің жазуынша, спортшының әйелінің есімі – Патимат. Сүйіктісі де спортшының ауылы – Сильдіден. Олар мектепте бірге оқып, бірге өскен. Кейін Хабибтің отбасы басқа жаққа, Кироваул ауылына көшіп кетеді. 

1040_10000_max.jpeg

Бастауыш сыныпта оқып жүріп көшіп кеткеніне қарамастан Хабиб алғашқы махаббатын ұмыта алмаған. 22 жасқа толғаннан кейін құдаласу қамына кіріскен. 2013 жылы үйленіп, тойларына мыңнан астам адам қатысыпты. 

«Күйеуі бетін жауып жүргенін қалайды. Әйелі де оның айтқанын екі етпейді. Оның сұлулығы тек күйеуіне ғана тиесілі. Бұл мәселе осыдан 400 жыл бұрын шешіліп қойған» дейді спортшының әкесі әрі бапкері Абдулманап Нұрмагомедов. 

Қазір Хабиб пен Патиматтың төрт жасар Фатима деген қызы және екі жасар Магомед есімді ұлдары бар. Қазір ерлі-зайыптылар үшінші балаларын күтіп жүрген көрінеді. Чемпион әйелін ешқашан өзі қатысқан жекпе-жекке алып бармаған. 

image38656069_7f5a23ed695ff6fcf6df42c7a9e42dee.jpeg

«Отбасым менің жекпе-жегіме кедергі келтіреді. Менің ойымша, отбасы спортшыдан сәл алыста болғаны дұрыс» дейді Хабиб. 

«Хабибтің қазір екі баласы бар. Үшіншісін күтіп жүр. Ол отбасына да көңіл бөлуі керек» дейді Хабибтің әкесі. 

Спортшы алдағы уақытта UFC әлеміндегі тағы бір даңқты балуан америкалық Тони Фергюсонмен кездесуі мүмкін.