Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан 21 жастағы қазақстандық қарсыласын 115 секунд ішінде сұлатып салды (видео)
Аса ауыр салмақта жұдырықтасқан 21 жастағы қазақстандық қарсыласын 115 секунд ішінде сұлатып салды (видео)
287
оқылды

Бұл оның кәсіпқой рингтегі дебюттік кездесуі

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Дмитрий Ахцигер кәсіпқой шаршы алаңдағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Ол Колумбияның Картахен қаласында жергілікті боксшы Хайме Торреспен кездесті. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Рефери кездесуді 115 секундта тоқтатқан. 


Бұған дейін Қазақстан атынан аса ауыр салмақта Иван Дычко ғана өнер көрсететін. Ол кәсіпқой рингте 9 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.