«Алтын адам» Анкарада
«Алтын адам» Анкарада
469
оқылды

«Алтын адам» Түркиядағы 20 жуық мұражайға қойылады. Бұл жайында Ұлттық музей хабарлады.


Анкара қаласындағы Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды. Онда «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады. Оған Ұлттық музейдің қорынан барлық 207 жәдігер ұсынылады.

– Анкара қаласында ұйымдастырылған көрменің мақсаты – Еуразияның ұлы дала белдеуінде көне темір дәуірінен қазіргі заманға дейінгі қалыптасқан тарихи-мәдени бауырлас Түркия еліне таныстыру, – деді Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.


Оның айтуынша, Түркия жұртшылығының назарына ұсынылған «Алтын адам» жиырмаға жуық мемлекеттегі мұражайға қойылады.

– Қазақстан әлемдік қауымдастықты өзіндік көшпелі өркениетімен және тарихымен ерекше қызықтырады. Қазіргі уақытта елімізде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының аясында мәдениет пен өнер саласында көптеген жұмыс атқарылуда. Соның бірі және бірегейі өздеріңіз куә болып отырған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан жоба, – деді ол.