Майлин ескерусіз қалды
Майлин ескерусіз қалды
5,366
оқылды

Ақын, қайраткер Сәкен Сей­фуллиннің атында елдімекен атауы, Астанада Қазақ агротех­ни­калық университеті бар, сон­дай-ақ мемориалды музей ке­шені жұмыс істеп тұр. Сол сияқ­ты Ілияс Жансүгіровке де ең­бегіне сай құрмет көрсетіліп ке­леді. Атап айтсақ, ақын атында ау­дан, Талдықорғанда Жетісу мем­лекеттік университетіне есі­мі берілген, әдеби-мемо­риал­ды музей де бүгінгі ұрпаққа қыз­мет етуде. Қос алып атында театр, мәдениет сарайы, кітап­ха­наларды да кездестіруге бо­лады. Ал Майлин мұндай құр­меттен кенделеу. Өзі туған Қо­с­танай облысының Таран ау­данына жазушының аты биыл ғана берілді. Ауданның Бейім­бет Майлин атауына лайық еке­ні осыдан 10-15 жыл бұрын кө­те­ріл­се де, оған билік бірден құлақ түре қоймады. Ел болып, елдің бет­ке тұтар азаматтары болып кө­тер­ген осы мәселе биыл ғана ше­шімін тапты.

Ендігі мәселе – жазушының ме­рейтойын лайықты дәрежеде атап өту. Мерейтойлық сән-сал­танаттың өтетін уақы­ты­на са­нау­лы күн қалса да, ұйы­м­дас­тыру жұ­мыстары көңілден шық­пай отыр.

– Қазақтың ұлы ақын-жазу­шы­лары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлиннің 125 жылдық ме­рейтойы қарсаңында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қазақтың біртуар жазушысы, Бейімбет Майлиннің досы Сәкен Сейфуллинге та­ма­ша мерейтойлық шара ұйым­дас­тырды. Аудан тұрғындары бір мезетте 10 000 литр қымыз пі­сіп, әлемдік рекорд орнатып, Гин­нестің рекордтар кітабына енді. Осылайша, ауданның, осы ауданда туған ақынның атын бүкіл әлемге паш етті. Біз қазақтың ұлы перзентіне көр­сетілген осынау құрметке мақ­танышпен қарап, қуандық. Бұл үшін аудан халқы мен ұйым­дастыру комитетіне – Жаңаарқа ауданы әкімшілігіне мың алғыс! – дейді Б.Майлин атын­дағы қор директоры Сал­танат Мұстафина. – Бейім­бет Майлинге арналған респуб­ли­ка­лық деңгейдегі мерейтойлық ша­раны өткізу бүгінде оның атын иемденген туған ауданы мен Қостанай қаласында 26-27 қыркүйекке белгіленген. Мәр­тебелі міндетті Қостанай об­лыс­тық әкімшілігі қолға алып отыр, іс-шараны ұйымдастыруға негізінен Б.Майлин аудандық әкімшілігі жауапты. Әу баста ау­қымды мерейтой та­мыз айында, күннің жылы кезінде, мектеп оқушыларының ка­никулында өтеді деп жос­пар­ланған. Әйтсе де, салта­нат­ты шараны өткізу уа­қы­­­ты қыркүйектің соңына ауыс­­­­тырылды және ұйымдастыру жұ­­мыстары өте төмен деңгейде жүр­­гізілді. Мерейтойлық іс-ша­­раға санаулы күн қалғанда құр­метті қонақтар, атап айтқанда, жазушының ұрпақтарын жола­­қымен, қонақүймен қам­­та­масыз ету қарас­тырылмағаны рес­ми хабар­ланды. Бұған қоса, сал­танатты өткізу бағдарламасы маз­мұнды емес. Ғылыми-прак­тикалық конференцияға қа­тысатын жазушы, майлин­танушы ғалымдар, әдебиетшілер, журналистер толық қамтылмаған. Біз мұны Б.Майлин ауданы әкімі Қуандық Еспергенов пен аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Назгүл Ма­насованың ұйымдастыру жұ­мыс­тарына салғырт қарауының сал­дарынан деп түсінеміз. Егер ада­ми, қазақы қонақжайлық та­ныта алмаса, құрметті қонақ­тарды шақырудың керегі не? Зұлмат жылдар құрбаны, қалам­гер Бейімбет Майлинге деген құр­мет туған топырағында осын­дай сорақы күйде болса, жа­зу­шының туған-туыстары сал­танатты шараға қандай көңіл күй­де барады? Оның үстіне, өткі­зілетін іс-шара мазмұнында жаңашылдық, өзгеріс, ізденіс жоқ. Біз ұрпақ сабақтастығы, патриотизм туралы көп айтамыз. Жастар бойындағы шынайы се­зім осындай игі шаралардан қа­лыптаспай ма?

Расында да, Салтанат Әбүйір­қызы айтпақшы, ұлы жазу­шыға арналған мерей­той­лық шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра алмаса, аудан әкім­шілігі бұл жайлы неге ертерек ха­барламады? Аудан атауы Бейім­бет Майлин атына берілген тұс­та жиынды әрі мазмұнды әрі көркем өткізуге мүмкіндік бар еді ғой. Сол мүмкіндікті Биа­ға­­ның жерлестері неге тиімді пай­­далана алмады? Осынау күн­­ді қанша жұрт күтті және оның бірқатары осы күнге жете ал­­май бақилық болып кетті. Со­н­дықтан басталған істің абы­рой­мен өтуіне жауаптылар әлі де болса барынша назар аударуы тиіс деп ойлаймыз.