Түрмеден шыққан Ресей құрамасының экс-футболшысы Зайнутдиновтың командасына ауысты (видео)
Түрмеден шыққан Ресей құрамасының экс-футболшысы Зайнутдиновтың командасына ауысты (видео)
277
оқылды

Ол жаңа клубы сапында 10 нөмірмен өнер көрсетеді

Ресей құрамасының экс-футболшысы Павел Мамаев «Ростов» клубымен келісімшартқа отырды. 31 жастағы жартылай қорғаушы клубпен екі жылдық келісімшарт жасасқан. Ол жаңа клубы сапында 10 нөмірмен өнер көрсетеді.

Мамаев соңғы төрт маусымды «Краснодарда» өткізіп, 146 кездесуде 35 гол соққан. Ол ЦСКА қатарында Ресей кубогын, Суперкубогын жеңіп алған, Ресей чемпионы атанған. Ол үш мәрте Ресей чемпионатының үздік 33 ойыншысының қатарына енген.   

«Павелдің бізге қосылуы команданың орталық ойынын күшейтуге көмектеседі. Ол – Ресей құрамасы деңгейіндегі ойыншы. Оның басынан өткен оқиғалар артта қалды. Осы уақыт ішінде көп нәрсені түсінді деп ойлаймын. «Ростовта» ол өз карьерасын қайта жандандырып, бізге көмегін тигізеді. Оның алаңның кез келген бөлігінен көре аламын. Барлық позицияда ойнауға қабілетті. Бәрін уақыт көрсетеді» депті бас бапкер Валерий Карпин.

Мамаев жаңа клуб қатарында Ресей премьер-лигасының көктемгі кезеңінен бастап ойнай алады. 

Еске салсақ, осыған дейін Мамаевпен бірге қамалған Александр Кокорин "Зенитпен" келісімшартқа қол қойған еді. 

https://youtu.be/NtX4QPoCruk