"Ливерпульге" қарсы ойындағы үзілісте ойыншыларына жігер беріп сөйлеген бапкер көпшілікті тәнті етті (видео)
"Ливерпульге" қарсы ойындағы үзілісте ойыншыларына жігер беріп сөйлеген бапкер көпшілікті тәнті етті (видео)
291
оқылды

Нәтижесінде «Ливерпуль» 4:3 есебімен әрең жеңіске жетті

«Зальцбург» – биылғы Чемпиондар лигасының кішігірім сенсациясы болды деуге негіз бар. Орта деңгейлі австриялық клуб сегіз жылдан кейін топтық кезеңге ілігіп, сырт алаңда «Ливерпульді» састырды. 

Мерсисайдтықтар бұл ойында үш ұпай алатынына сенімді болды. Қимылдары да соған сай. Бірінші таймның өзінде 3:0 есебімен жеңіп жатқан. Бірақ тайм соңына қарай бір гол жіберіп алды. Ал екінші таймда қонақтарды ешкім танымай қалды. Тіпті мықты деген Юрген Клопптың өзі шарасыз күлкімен шектелген.

Нәтижесінде «Ливерпуль» 4:3 есебімен әрең жеңіске жетті. Сәл болмағанда қолда тұрған 3 ұпайдан айырылып қалғандай да еді.

Оларға дәл мұндай күш жігерді киіну бөлмесінде бас бапкер Джесси Марш берген. Америкалық маманның жігерлі сөздері видеоға түсіп, желіде тарап кеткен.

«Бірінші таймда біз неше рет тәртіп бұздық. Екі рет? Бұл не, жолдастық кездесу ме? Бұл – Чемпиондар лигасы! Жігіттер, жылдам, белсенді ойнау керек. Физиканы пайдалану қажет. Ван Дейкке қарсы күштірек ойнаңдар, сендер оған тым құрметпен қарап жүрсіңдер. Доппен де, допсыз да. Бұл шектен шығу. Жетер! Иә, олар күшті, бірақ бұл біздің әлсіз, мазмұнсыз ойнауымыз керек дегенді білдірмейді. Олар біздің қарсылығымызды сезінулері керек. Біз мұнда ойнау үшін келдік. Бұл өте маңызды» дейді ол.


https://youtu.be/fLMmr2HvTwI