Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналының мәліметінше, Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқандардың саны 3279-ды құрап отыр. Олардың 64-і сәби екен.
Сондай-ақ стационарларда 1 745 науқас жатыр, 1 534 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Оның 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.