Оқиға Атлантикодағы Пуэрто Колумбия қалалық жағажайының жағалауынан екі шақырым жерде болды. Балықшылардың айтуынша, бастапқыда олар алдарында ағып бара жатқан бөрене деп ойла. Бөренеге жақындай түскенде оның адам екенін көрген. Ол қолын сілтемекші болыпты.
Артынан әйелдерге арналған орталықты паналаған. Бірақ ол жерден де күйеуі тауып алған соң, кетіп қалған. «Барар жері, басар тауы» қалмаған соң, өмірмен қоштасуға бекінген. Содан кейін Анжелика құтқару шеңберін киіп, жардан секіріп кеткен. Сол кезде есінен таңып қалыпты. Осылайша, ол мұхитқа түскен.
Жергілікті БАҚ-қа колумбиялық әйелдің туыстары Анжеликаның бұрын психикалық ауытқуы барын айтып, оның үреймен өмір сүргенін жіткізді.