Боксшы қыздарымыз ӘЧ-да екі «қоланы» еншіледі
Боксшы қыздарымыз  ӘЧ-да екі «қоланы» еншіледі
314
оқылды

Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында екі қола медаль иеленді.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, 64 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Милана Сафронова жартылай финалда италиялық Анджела Кариниге есе жіберіп, ақтық сынға өте алмады. Ал 81 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан Дина Исламбекова қытайлық Ксиаоли Янгтен ұтылды.


https://youtu.be/trc0PKbkkl8

Осылайша, бокстан Қазақстан командасы әлем біріншілігін екі қола жүлдемен аяқтады. Айта кетелік, Әлем чемпионтанына Қазақстан сапынан он спортшы қатысты. Ертең, 13 қазанда финалдық кезең өтеді.