Жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлерге қосымша ақы төленетін болды
Жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлерге қосымша ақы төленетін болды
185
оқылды
Канадалық компания жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлеріне ақы төлемекші. Канаданың қыстық киім тігетін Canada Goose компаниясы қызметкерлеріне аптасына бір рет бір сағат таза ауада серуендеп, жаттығу жасауға мүмкіндік берді. Оған қоса, ол уақыт төленеді. Бұл жайында Adweek мәлімдеді.

«Таза ауада өткізілген уақыт адамның психикасына, қан қысымының қалпына келуіне, күйзелістен арылып, көңіл-күйдің жақсаруына әсер ететіні ғылыми дәлелденген», - дейді ұйымның маркетинг жөніндегі директоры Пенни Брук.

Бруктің сөзінше, бұл тәжірибе әсіресе пандемия кезінде, яғни адам денсаулығы өте пайдалы. Ол компания қызметкерінің серуендеуге жұмсаған бір сағат уақыты жұмыс уақыты деп есептелетінін айтты.