Илон Маск бір апта ішінде 1,7 миллиардқа байыды
Илон Маск бір апта ішінде 1,7 миллиардқа байыды
© Сурет ғаламтордан
459
оқылды
Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Масктың дәулеті бір апта ішінде 1,7 миллиард долларға артып, 32 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Forbes. Бұл Tesla автоөндірушісінің баға белгіленімі өсуінің арқасында болды, олар бір апта ішінде 16 пайызға өсті (жыл басынан бастап - 30 пайыздан астам). Нәтижесінде Tesla капиталдандыруы алғаш рет 100 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіштер Масктың компаниясына нарықтық құны бойынша Ford пен GM-ды басып озуға мүмкіндік берді. 49 жастағы Масктың дәулеті 2019 жылдың қазанынан бастап 10 миллиард долларға артты. Оған Tesla акцияларының шамамен 22 пайызы тиесілі және әлемнің бай адамдары тізімінде 28-ші орынды алады. Егер Tesla нарықтық құны жарты жыл ішінде 100 миллиард доллардан төмен түспесе, Маска әлі байи түспек. Өйткені компаниядан капиталдандырудың өсуі үшін сыйақы ретінде тағы 346 миллион доллар алады.