Салмағы 35 келі қазақстандық бодибилдингтен жаттықтырушы болды
Салмағы 35 келі қазақстандық бодибилдингтен жаттықтырушы болды
332
оқылды

Өскемен қаласының тұрғыны 35 келі салмақпен бодибилдинг бойынша жаттықтырушы бола алатындығын дәлелдеді, - деп хабарлайды yk-news.kz сайты.

Ақпарат құралы Лариса Куимованың әрдайым салмақтан қиындық көретінін айтады. Тамақтану да, бір орында тапжылмай отыру өмір салты да оған көмектеспеген. Лариса 38 жасында спортпен айналысуды шешті.

«Мен бұрын тұншыға беретінмін. Студенттік кезімде қатты ауырып қалдым. Дәрігерлер аурудың ешқандай айқын белгісін таба алмады. Көп салмақ тастадым, оның да нақты себебі анықталмады. Менің стандартты салмағым 40 килограмға жететін кез болды. Ал, 35 келі бұл өте қорқынышты еді,– дейді Лариса.

Лариса Куимова бір жарым жылдан бері бодибилдинг бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Қазір оның салмағы 48 келі.