Қазақ үшін қасиетті салмақта жұдырықтасатын боксшы шаңырақ көтерді
Қазақ үшін қасиетті салмақта жұдырықтасатын боксшы шаңырақ көтерді
310
оқылды

Абылайхан 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 69 келіде жұдырықтасатын Абылайхан Жүсіпов шаңырақ көтеріп, отбасына келін түсірді. 

22 жастағы боксшы Индира Рахымберлина есімді арумен бас құраған. Боксшының келіншегі Shamshyraq би ансамбліне жетекшілік етеді екен. Олардың тойлары Қарағанды қаласында өткен. 

74879309_475135446425414_1112317671586540673_n.jpg

Еске салсақ, Абылайхан 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Биыл жартылай финалда ресейлік Андрей Замкавойдан жеңіліп, жарыс жолынан шықан. Сондай-ақ 2016 жылы Рио олимпиадасына да қатысты. Алайда бірінші жекпе-жегінде-ақ жеңіліп қалды.