Елордада дәрігер жетіспейді
Елордада дәрігер жетіспейді
5,328
оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада жыл санап денсаулық сақтау саласы мамандарының саны артып келеді, дегенмен кейбір салалар бойынша дәрігер жетіспеушілігі бар,– деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бүгінде қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты 34 мекеме бар. Оның 15 емхана, 13 стационар, 1 жедел жәрдем стансасы және 5 басқа да мекеме.

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елордада 13 613 медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың 35.7 пайызы (4860) дәрігер және 64,3 пайызы (8 753) орташа медицина қызметкері.

1 қазандағы жағдай бойынша медициналық мекемелерге 494 маман жетіспейді. Атап айтқанда, 107 жалпы тәжірибедегі дәрігер, 36 – педиатр, -52 – терапевт, 42 – акушер-гинеколог, 41 – анестезиолог-реаниматолог, 16 –кардиолог, 3 – психиатр, 16 – онколог, 28 – неонатолог және тағы басқа мамандар сұранысқа ие.

Бұған қоса биыл қала бойынша 348 маман жұмысқа тартылған.

«2019 жылғы 7 қазандағы жағдай бойынша қалада 217 жас медицина саласы маманы еңбекпен қамтылды. Бұл жас маман жетіспеушілігінің 44 пайызына тең»,– деп көрсетті денсаулық сақтау басқармасы.