Алматыда «Jastar Otanga» инновациялық идеялар фестивалі өтеді
Алматыда «Jastar Otanga» инновациялық идеялар фестивалі өтеді
5,247
оқылды

«Bolashaq» Қауымдастығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамалар орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Jastar Otanga» Республикалық инновациялық идеялар байқауын іске асыруда.

2 қараша күні өткізілетін фестиваль Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды және дамытуды мақсат етіп отыр.

Жобаның мақсаты: Жастардың іскерлік белсенділігін және жұмыспен қамтылуын, бизнес-ойлауын дамытуға көмектесу, сондай-ақ жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.

Жобаның міндеті: Жастарды қоғамдық өмірге тарту тетіктерін әзірлеу, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және стартаптардың экожүйесін құру, жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін және нетворкинг ұйымдастыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Қатысушылардың негізгі идеялары: IT, медицина, қалдықтарды қайта өңдеу, қызмет көрсету саласы, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, ақылды технологиялар және өтінім қорытындысы бойынша басқа да бағыттарда болды.

Іс-шараға:

●      Ларион Лян – Қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, инвестор, IC Group компаниялар тобының негізін қалаушы;

●      Бауыржан Қасымбергебаев – меценат, бизнесмен, Қазақстандағы «Синергия» университетінің президенті;

●      Салтанат Қазыбаева – «Алматы Марафонының» директоры;

●      Дәуіржан Ауғамбай – «Ақыл-кеңес Консалтинг» ЖШС басшысы;

●      Әлішер Садықов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ka4.me және nanoheroes.kz стартаптардың негізін қалаушы;

●      Жайлаугүл Сағындықова – «Нархоз» университетінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, «Болашак» бағдарламасының түлегі, «You can STEAM it» жазғы мектептің негізін қалаушы;

●      Даниял Үмбеталов – жас кәсіпкер, «Speed Digital Agency» директоры және тағы басқалар қатысады.

«Jastar Otanga» Республикалық инновациялық идеялар байқауы – бұл өз инновациялық жобаларын іске асыруға, командада жұмыс істеуге, жастардың іскерлік белсенділігі мен бизнес-ойлауын дамытуға, білім деңгейін арттыруға және жеке тұлғалық өсуі үшін жағдай жасайтын нақты платформа.