Елордада танысының үйіне ұрлыққа түскен шетел азаматшасы ұсталды
Елордада танысының үйіне ұрлыққа түскен шетел азаматшасы ұсталды
262
оқылды
Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматшасын ұстады. Жәбірленушінің айтуынша, жұмыстан үйіне келген кезде ол “Lenovo” маркалы планшетінің жоғалғанын байқаған, осылайша полицияға жүгінген. Тергеу барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің меншікті үйде тұратынын анықтады. Күндізгі уақытта үйде ешкім болмаған кезде танысы келген. Үйдің ашық тұрғанын және үйдегі адамдардың жоқтығын байқап, ол ішке кіріп планшетті жасырын ұрлап кеткен. Күдікті ұрлық жасағанын мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.