Қоғамдағы түрлі салалар бойынша әлеуметтің жағдайынан хабардар ететін жаңалықтар топтамасы.
Елорданың тап іргесінде тұрса да қарапайым инфрақұрылымның жоқтығынан зардап шегіп отырған ауылдар жетерлік. Ал Шортанды, Целиноград, Аршалы аудандарына қарасты Астанадан таяқ тастам ғана қашықта тұратын ауылдарда халық саны жыл санап өсіп келеді.
2024 жыл жақсы жаңалықтарға, өрелі өзгерістерге, берекелі бетбұрыстарға толы болады деген үміт бар.
Қазақстанда негізгі саяси реформалар аяқталып келеді. Былтырғы және одан бұрынғы жылдардағы бірқатар бастамалар өз мәресіне жақындап қалды.
Ғылым саласы кең қанат жайып, технология дәуірі қарыштап дамығанымен, адамзатқа ауыр зардап әкелетін ауру түрлерінің қаупі сейілмей тұр.
«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның кеңістігінде болған апатты тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.
Қыс келгенде Арқа жұрты жолға шыққанда пойызды таңдайды. Бірақ төтеншеліктердің ескертпесін елемей, көлікке мініп сапарлайтындар да баршылық.
Жаңажылдық мереке күндері қоғам тыныштығын сақтау, қауіпсіздікті күшейту – құзырлы орындарға жүктелетін басты міндет.
Әулиеата өңірі – қай кезде де тарихи тұлғаларымен, қасиетті мекендерімен танылған өлке. Әсіресе, Мойынқұм ауданы – тарихи орындарға бай құтты мекен. Мұнда Қазақ хандығының туы тігілген Хан тауы мен Жамбыл тауы өткен күннің өшпес ізіндей сыр шертіп тұр. Ал...
2024 жыл басталысымен-ақ халық қалаулылары азаматтарды алаңдатқан мәселелерді шешуге оң ықпал ету мақсатында шалғай елді мекендердің тұрғындары және еңбек ұжымдарымен кездесті. Депутаттар партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын...
Басшылардың заңсыз әрекеті әшкере болды.
Климаттың өзгеруінен полюстердегі мұздықтар жылдам ери бастады. Еріген су әлемдік мұхиттың деңгейін көтереді. Мұхит жағалауында орналасқан мемлекеттер үшін бұл қауіпті дейді ғалымдар.
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына ақылы терминал қойылғалы бері жергілікті тұрғындардан маза қашты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің дамуы мен болашағына бетбұрысын айқындап берді.
Автокөлік дизайнындағы ең заманауи тренд сәулет өнеріне ауысқан сияқты. Bentley, Porsche, Lamborghini және Aston Martin компанияларының жоғары профильді жобаларынан кейін Mercedes-Benz те үй салумен айналысатын автокөлік компаниясына айналды.
Жаңа жылдан бастап «Еурохаттама» жобасы қолданысқа енгізілді.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ертең ауа райы құбылмалы болады.
Тағы бір ірі америкалық компанияға қатысты шу шықты. Дәмді кофе жасайтын Starbucks желісі тұтынушыларды алдап келген деген айыптар айтылуда.
Адамның көмекшісі бола алатын жасанды интеллект жүйелері 2024 жылдан бастап қолжетімді бола бастады. Microsoft корпорациясы бұрын ақылы болып келген соңғы үлгідегі генеративті ЖИ қолданбасын Android үшін де, iOC (iPhone) үшін де тегін таратуда.
Ақтөбеде жастар төбелесті.
Шығыс Қазақстан облысына Мәжіліс депутаттары Ұлықбек Тұмашинов пен Ерлан Саиров жұмыс сапарымен барды.
Әлемде үздік фотосуреттерге жыл сайын байқаулар өткізіледі. Кәсіби фотографтардан бастап әуесқойлар да өздерінің сәтті түсірілген фотоларын байқауға ұсынады. Оның ішінде таңғаларлық жауһарлар да кездеседі.
Бүгінге дейін екі тілде сөйлейтін, бірін-бірі түсінбейтін адамдарға аудармашы керек болды. Енді аудармашының орнына телефонды қолдануға болады. Бұл адамдар арасындағы коммуникацияны мүлдем басқа деңгейге шығарады.
Апат аяқасты болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
«Астана-Петропавл» тасжолында жол апаты болды.
Жол апатына түскен жүргізуші оқыс оқиға алдында жол полициясынан екі рет ескерту алған.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі айтты.
Биыл елімізде қоғамға еңбегі сіңген тұлғалар дүниеге келген атаулы даталар өте көп.
31 желтоқсан сағат 9.00-24.00 аралығында облыстық перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан 30 сәбидің 14-і – қыз, 16-сы – ұл бала.
Өртенген үйде кішкентай бала да болған.
Жаңа жыл түні Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді.
Әрбір елдің, ұлттың өзіндік ерекшеліктері интернетті қолданудан да көрінеді. Ол ерекшеліктер Google-да жасалған сұраулардан да жақсы байқалады.
Айға өздерінің миссияларын жіберген, онда кемелерін қондырып зерттеген әлемде 4 мемлекет бар. Солардың қатарына қаңтар айында бесінші болып Жапония кіруі мүмкін.
Түнгі он екіні асыға күтіп, аспанға «жұлдыз» ататын Жаңа жылдың басталуына бір-ақ күн қалды. Мейрам алдында қаланың кез келген бұрышында сатылып жатқан түрлі отшашуларға тыйым салынғанын білсе де, оны сатушы да, сатып алушы да сауданы қыздырып тұр. Жаңа ж...
Қазақстандық өнертапқыштар өнертабыс әлеміне өзіндік қолтаңбасымен келіп, із қалдырып жатқан жайы бар. Артында «бірақ» деген сөзі тағы бар.
Күнделікті байланысып жүрген танысыңыздан WhatsApp желісі арқылы қарызға ақша сұраған хабарлама келді ме?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудандар құрылады.
Алғаш жылқыны қолға үйреткен бабаларымыз «Ер қанаты – ат» деп жеті қазынасына қосып, кие тұтқан. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғым болып кеткені жасырын емес. Күні кеше сүйінші хабар жетіп, Адай жылқысын халқымыздың бірегей бренді ретінд...
Өрт – тілсіз жау! Жанға бататыны – табиғат, ғимарат, дүние-мүлік, автокөліктердің өртенгені өз алдына, қызыл жалынның адам өмірін де жалмап кетіп жататыны. Соның бір азалы мысалы – биыл Семей орманындағы өрт. Одан да өзге жазатайым жағдайлар аз болған жоқ...
Биыл құрылғанына бес жыл толған Астана халықаралық қаржы орталығы қызметін қорытындылады.
Сыр өңірінде елдің мерейін асқақтатып, толағай жетістіктерімен халықтың сүйіктісіне айналған жандар аз емес.
Кез келген елде заң шығарушы билік өз функциясынан тыс қосымша бақылаушы рөлге ие. Соның ішінде депутаттық сауал – сайлаушылардың мүдделерін қорғауға қызмет ететін тиімді құрал.
Жиында бірнеше мәселе талқыланды.
95 жылдық тарихы бар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – республикада болашақ педагогтерді даярлайтын көшбасшы әрі Орталық Азиядағы ірі педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі.
Бүкіл әлемде iPhone 15 сериясы шыққаннан бері дүрбелең әлі басылмай отыр. Смартфонды жақтаушылар да, оның кемшіліктерін айтушылар да көп. Жаңа USB-C кабеліне ауысқан құрылғыдан тағы бір кінәрат табылды.
Қазақстанда соңғы жеті жылда интернет-алаяқтық саны 10 есеге, яғни 2 мыңнан 20 мың қылмысқа дейін өскен.
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін. Биліктің бұл бастамасы жүзеге асса және Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданса, онда ол келесі жылғы тарихта қалар оқиғалардың біріне айналмақ.
Астанадағы Ұлттық музейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның және аймақтық бөлімшелердің жұмысын қорытындылаған жиын өтті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен жиынға еліміздің тарихш...