Қоғамдағы түрлі салалар бойынша әлеуметтің жағдайынан хабардар ететін жаңалықтар топтамасы.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ауылдарға жиі шығады. Осы жолы әкім облыстың ең шалғай аудандары Жәнібек пен Бөкей Ордасы аудандарына барды.
Астықты аймақ диқандары күні бүгінге дейін алаңдап, ішкені ірің, жегені желім болып тұр. Бар маңдай терін төгіп, ала жаздай күтіп-баптаған баданадай бидайы көз алдында шіріп жатқанын көру кімнің болса да жүйкесін жұқартатыны хақ. Бірақ қолдан келер қа...
«Бөлінгенді бөрі жейді» дейді дана қазақ. Қазіргі заманда қасқырдың рөлін олигархтар, алпауыт корпорациялар, банктер және басқасы атқарады.
Соңғы жылдардағы болып жатқан жағдай атадан балаға, ұрпақтан– ұрпаққа мирас болған ата кәсіп – мал шаруашылығының тамырына балта шаба ма деген қауіп басым.
Президент жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков брифинг өткізіп, қаланың экономикалық-әлеуметтік даму жоспарымен таныстырды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды қадам – мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайлы әрі тиімді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бұл бағытта бірқатар кешенді жұмыс атқарылуда.
Бұл сөздің мән-мағынасын ашу үшін, ең алдымен жастайынан қара жердің демін сезініп, дала еңбегімен шынығып өскен Бердібек Сапарбаевтың ғұмыр жолына үңіліп, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің болмыс-бітімін, қабілет-қ...
«АрселорМиттал Темиртау» компаниясына жаңа қожайын келді. «Қазақстан магниткасы» саналатын тағдырлы өндіріске ие болатын инвестордың есімін жұма күні өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев таныстырды.
Сенат Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев аталған паралимпиадалық спорт түрінен алғаш рет өткізіліп жатқан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың ашылу рәсіміне қатысты.
«Джулия» мюзиклі Астанада алғаш рет сахналанады.
7 желтоқсан күні Степногор қаласында жылу электр стансасында аса ірі апат болды.
Жеке сектордың 4 ауласы мен Киров көшесіндегі 2 жер үйді су басқан.
Өзінің уәдесінде тұрған Google компаниясы жаңа Gemini жасанды интеллектін жасап шығарды. Сынақта ол 57 ғылыми бағыт бойынша сол саланың мамандарынан да асып түсетін қабілет көрсеткен. Бұған қуанамыз ба, әлде қорқамыз ба?
Криптовалютаға деген қызығушылық мемлекеттік органдарға да жетті. Кейбір елдерде биткоин ресми төлем құралы ретінде қолданылады. Жақында Сальвадор президенті биткоин инвестициясынан рекордтық 3 миллион доллар табыс тапқанын жариялады.
Мектеп оқушыларына сабақта телефон ұстауға рұқсат беру мәселесі көптеген елде талқылануда. Британдық оқу жүйесіндегі элиталы мектептер мен мемлекеттік мектептерде смартфон ұстауда шектеулер енгізіле бастады. Мұндай тыйым басқа елдерде де бар.
Адамдар әрқашан иммунитетті нығайтатын, ұйқы мен ас қорытуды жақсартып, бет терісін нәрлендіретін «сиқырлы таяқшаны» іздейді.
6 миллионға жуық қазақстандықтың банктерде өтелмеген несиелері бар екен. Бұған қоса, Қазақстанның 1 миллионнан астам азаматы микроқаржы ұйымдарында несиелендіріліпті.
Кез келген мемлекет күн сөнгенше тұруы үшін қорғаныс қабілетін нығайту сыртында, ел-жұртының амандығын ойлауы керек. Халықтың амандығы үшін ең алдымен оны аштыққа ұрындырмау, тамақтан тарықтырмау шарт.
Құлпынай өсіріп, бау-бақшасын құлпыртып отырғандардың түрлі суреті әлеуметтік желіде самсап тұр.
Өзін «блогер» ретінде таныстырып, жолаушылар пойызы қызметкерлерінен ақша бопсалап келген Семей тұрғыны ұсталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына ресми сапармен барды. Президенттің жұмыс сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды.
Мәжілістің кешегі өткен жалпы отырысын сан мен сапа тұрғысынан «қысқа да болса нұсқа» жиын деп бір ауыз сөзбен түйіндеуге болады.
Жалқау адам бай бола алмайды, ұйқыны жақсы көретін адамның табысты болуы да қиын. Сергектік шақыратын кофенің әсері тез кетеді, ал энергетикалық сусындар ағзаға өте зиян. Төмендегі кеңестерге назар аударыңыз.
Смартфонды жоғалып алғанда немесе смартфон ұрланғанда WhatsApp чаттарын құпия кодпен жасыруға болады. Бұл функция телефондағы жазбаларды көруге қызығатын кейбір достардан да сақтайды.
Әрбір дельфинге туа салысымен ат қойылады. Әрбір бала дельфин өзінің атын білдіретін ысқырыққа жауап береді. Дельфиндер бейбіт өмір сүреді, бір-бірімен сөйлеседі және ешқашан ұрыспайды, төбелеспейді. Олар ешқашан өз туыстарына қастық жасамайды, қызғанышты...
Мал ұрлығы – қазақ халқы үшін ежелден лайықты жазалануы тиіс ауыр қылмыс түрі. Иә, бұрынғының барымтасы басқа болса, бүгінгінің ұрлығы мүлде бөлек.
Қаржылық сауаттылық, қаржылық білім берудің үздіксіз процесі арқылы іске асырылады. Ол халықтың хабардар болуын, қаржылық білімі мен дағдысын, жеке немесе отбасылық бюджетті басқару бойынша дұрыс әрі сараланған шешімдер қабылдауға көмектесетін әреке...
InDrive қызметінің негізін қалаушы әрі бас директоры Арсен Томский Қазақстанға қоныс аударды. Ресейлік бизнесменнің біздің елге келгенін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.
Қазақстанда қуатты драйвер пайда болды. Өкінішке қарай, бұл – жақсы жаңалық емес. Сауда министрлігінің Сауда комитетінің мәліметінше, қарашада «әлеуметтік азық-түлік қымбатшылығының негізгі драйвері – жұмыртқа» болды.
Әлемде қылмыстың түрі өте көп.
Жүк талғамайтын көліктен гөрі танкке көбірек ұқсайтын Tesla-ның жаңа электромобиліне қызығушылық өсті. Қараша айының соңғы күні Илон Маск алғашқы он көлікті тұтынушыларға табыстады. Төрт жыл күттірген Cybertruck ақыры жолға шықты.
Өмір бойына темір торға жабылған лаңкес Руслан Күлекбаев сотталған соң алғаш рет тілшілермен жүздесті.
«Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.
Шымкент қаласында ең үлкен жылыжай салынатыны жөнінде бұған дейін де айтқан едік. Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларға шетелдік екі компаниямен меморандумға қол қойған-ды.
Сыр өңірінде осыдан төрт жылдан астам уақыт бұрын қабырғасы қаланған аурухана құрылысы аяқсыз қалғалы тұр. Бүгінде жаңа да заманауи емдеу мекемесінің игілігін көреміз деген халықтың үміті көзден бұлбұл ұшқан.
Оңтүстік өңір – таңғажайып табиғатымен, тарихи құндылықтарымен қашанда туристер үшін тартымды мекен. Түркістан облысы болып өзгергелі аймақтың жаңа тынысы ашылды.
Баланың бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаған халқымыз оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесімен байланыстырады. «Тегіне тартқан екен», «Әкесі сондай адам еді» деп, міндетті түрде ер адам тәрбиесі туралы айтып отырған. Өйткені әкесінің баласына қ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет» деп атап өтіп, саланы дамытудың...
«Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облысы филиалының басшысы Амангелді Қалыбек Түркістан облысы халқының қаржылық сауаттылығын әлі де арттыру керек екенін айтады.
Түркия Елшілігінің арнайы шақыртуымен Астанаға келген аспаз Хакан Доган қазақ кәсіпқойларына арнап түрік наны мен нан өнімдерін пісіру бойынша оқыту семинарын өткізді.
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг өткізді. Есептік баяндамасы аяқталғаннан кейін Марат Сұлтанғазиев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жа...
Жаңа жылда еңбекті қорғау саласында маңызды жаңалық болғалы тұр. Сарапшылар соның арқасында ауыр әрі зиянды жұмыс істейтін адамдар бейнетінің зейнетін ерте көре алатынын айтады. Сонымен бірге бұл зейнеткерлікке шығудан да тиімді, тартымды болатын түрі бар...
Өзбекстанда сиыр малының жалпы саны 13,9 млн басқа жетті. Бұл туралы қазан айында kun.uz порталы хабарлады. Көрші елдегі осыншама мал басының 91,3%-ы жеке қораларда бағылып отырса, қалғаны – фермерлік шаруашылықтардың иелігінде.
Ақпарат ағымымен қоғамның жүгін арқалаған бұқаралық ақпарат өкілдеріне қатысты күні кеше Мәжілісте Мемлекет басшысының бұқаралық ақпарат құралдары заңнамасын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасы бірінші...
Соңғы жылдары халықтың салт-дәстүрлері түрленіп, рухани ұстанымдарымыз өзгеріп жатқанын жоққа шығармаймыз.
Елімізде шаруаларға субсидия беру жүйесінің басынан шу арылмай-ақ қойды. Соңғы екі жылда ол тіптен үдеп барады. Мұндағы тоқырау пандемиядан кейінгі антикордың кең көлемдегі тексерісінен басталды деуге болады.
Қазақстанда өрттің кесірінен қара жамылатын отбасылар саны азаймай-ақ тұр. Бейсенбіде тілсіз жау тағы 13 адамның өмірін жалмады.
Өкінішке қарай, төңіректе Қазақстанның аумақтық тұтастығына көз алартып, іштарлық қылатындар әлі де бар.
Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағы 21 мың шақырымнан астам теміржолды, 305 теміржол вокзалы мен 26 әуежайды қамтиды. Бұл туралы Aikyn.kz Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өмірімізді электрондық қызметтерсіз елестету мүмкін болмай қалды. Бір күн интернеттен ажырап қалған адамның қаншалықты қиналатынын болжаудың өзі қиын.