Бір биткоин құны 32 мың доллар болды, – деп жазады 24.kz.
Бағаның құлдырауы тұтынушыларды әбігерге салды. Қаражатын шешіп алатындардың көбеюі криптобиржаның жұмысына әсер етті.Биыл сәуірде биткоин бағасы 65 мың долларға жеткен болатын.Бұған Қытайдың криптовалютаны төлем құралы ретінде пайдалануға тыйым салуы себеп болды. Жабдықтарды өндірудің ең көп үлесі Қытайға тиесілі, сондықтан Қытайдың Орталық банкінің позициясы нарыққа осылай ықпал етті.