Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы аргентиналық футболшы ЛионельМессиге келісімшарт ұсынды. Бұл жайында Dailystar хабарлады.
Бүгінде Мессидің заңгерлері париждік клубтың ресми ұсынысын сараптап жатыр. Екі тарап та келісімшарт жасасуға қарсы емес. Месси Парижде дүйсенбі не сейсенбіде ұшып баруы мүмкін. Футболшының франциялық клубпен келісімшарты екі жылға есептелген.
Тіпті, Францияның «Пари́ Сен-Жерме́н» (ПСЖ) футбол клубы Лионель Мессидің командамен келісімшартқа отыруы құрметіне Эйфель мұнарасын жалға алып, орасан зор шара өткізбек екен.
Испаниялық «Барселона» клубынан кеткен Мессидің Франция лигасының титулды клубы – ПСЖ-ға трансфері аяқталуға жақын. Месси «Барселонадан» жаңа келісімшартта максималды жалақыны анықтайтын ережелер жазылмағандықтан кетті.