Германиялық BioNTech және америкалық Pfizer компаниялары бірігіп әзірлеген 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға арналған COVID-19-ға қарсы вакцина жақын арада қолданысқа шығуы мүмкін.
Бұл туралы BioNTech компаниясының медициналық зерттеулер бойынша директоры Озлем Тюречи хабарлады.- Жақын апталарда біз бүкіл әлемдегі 5 пен 11 жас аралығындағы балалар арасында жүргізген зерттеуіміздің нәтижесін билікке ұсынамыз. Осы аралықтағы жасөспірімдерге вакцинаның салуына Еуропада рұқсат берілуін өтінеміз, - деді Озлем Тюречи.
Оның айтуынша, екпе өндіріске дайындалу үстінде. Сондай-ақ балаларға арналған препараттың ересектердікінен айырмашылығы жоқ, тек дозасы аз.
"Зерттеу нәтижесі дайын болып қалды, енді оны биліктің бекітуін күтеміз. Жылдың соңына қарай алты айдан асқан сәбилердің арасындағы зерттеу нәтижелері шығады, - деді BioNTech компаниясының тең құрылтайшысы Угур Шахин.
Қазан айының ортасынан бастап Германияда 12 жасқа дейінгі балаларға BioNTech - Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін.