Пермь университетінде оқ жаудырған адам студент болып шықты. Ол құқық қорғау органдарына қарсылық танытып, қарумен оқ атуын тоқтатпады, соның салдарынан өзі жарақаттанып ұсталды, – деп хабарлады Russian.rt.com.
«Ұсталу кезінде ол қарсылық танытқандықтан жарақаттанды», – деп хабарлады РФ Тергеу комитеті.
Тергеу комитетінің хабарлауынша, оқиға салдарынан 8 адам көз жұмды. Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасы 14 адамның жарақаттанғанын хабарлады.
Бұған дейін Ресейдің Пермь мемлекеттік университеті корпустарының бірінде белгісіз біреу оқ жаудырып, 8 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.