Вагнер Лав «Қайраттан» кете ме?
Вагнер Лав «Қайраттан» кете ме?
193
оқылды

Футболшы келесі маусымнан бастап мансабын басқа клубта жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Sports.kz спорттық порталы хабарлады.

37 жастағы шабуылшыға «Интернасионал» қызығушылық танытуда. Бразилиялық клуб Вагнер Лавты перулік шабуылшы Паоло Геррероның орнын басатын ойыншы ретінде қарастырып отыр.

Еске сала кетейік, әйгілі футболшы «Қайрат» командасымен 2020/2021 маусымында Қазақстан чемпионы атанған болатын.