Әлем чемпионаты: бүгін Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысымен жұдырықтасады
Әлем чемпионаты: бүгін Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысымен жұдырықтасады
Фото: news.myseldon.com
273
оқылды

Бүгін Қазақстанның төрт боксшысы шаршы алаңға шығады.

Жарыс астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Күндіз Махмуд Сабырхан (54 келі) оңтүстіккореялық Ин Кю Киммен, Айбек Оралбай (92 келі) польшалық Матеуш Березницкимен жұдырықтасады.

Кешке сағат 22:00-де Саматәлі Төлтаев (60 келі) таиландтық Хунатип Пиднучпен, Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен рингке шығады.

Бұған дейін Асланбек Шымбергеновтің жеңісі туралы жазған болатынбыз.