Зеленский Ресейді соғыс қимылдарын тоқтату туралы келіссөздерге қайта шақырды
Зеленский Ресейді соғыс қимылдарын тоқтату туралы келіссөздерге қайта шақырды
© zelenskiy_official/Instagram
295
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді соғыс қимылдарын тоқтату туралы келіссөздерге қайта шақырды. Видеоүндеу  "Украина-24" телеарнасында көрсетілді, – деп хабарлады Reuters.
"Ресей ерте ме, кеш пе бізбен қақтығыстарды тоқтату туралы келіссөз жүргізуі керек", – деді Зеленский.
Оның айтуынша, бұл келіссөз неғұрлым ерте болса, Ресейдің шығыны да аз болады. Сондай-ақ Зеленский Ресейдің Украинаға қарсы қақтығысының тоқтамауы Батыстың Мәскеуге  салған санкцияларының жеткіліксіз екенін көрсетіп отырғанын, әлем Украинада болып жатқан оқиғаларды тек алыстан бақылап отырғанын мәлімдеді. Сөзін қорытындылаған Украина басшысы Ресеймен Украинаның бейтарап мәртебесі туралы мәселені талқылаудан қорықпайтынын атап айтты. Сонымен қатар, Зеленский "Бухарест тоғызына" өз еліне қорғаныс көмегін сұрады. Саясаткер мұны Польша президенті Анджей Дудамен талқылағанын Twitter-де жазды.