Украина президенті Владимир Зеленский Киев Мәскеумен келіссөзде келісімге келе алмағанын айтты.
Зеленскийдің айтуынша, украиндық билік өкілдері келіссөздердің екінші раундын өткізу туралы мәселені делегация оралған соң және келіссөз процесін талқылап болған соң шешеді. Украиндық көшбасшының видеоүндеуі оның кеңсесінің Telegram-каналында жарияланды.
"Әзірге біз күткен нәтиже жоқ", – деді Зеленский Ресей мен Украинаның Беларусьте өткен келіссөздері туралы.
"Ресей өз ұстанымын мәлімдеді, біз де соғысты тоқтату үшін өз талабымызды қойдық. Бірқатар ескерту алдық", – деді Украина президенті.
Бұған дейін Ресей-Украина келіссөздері Беларусьте өтіп жатқанын жазған болатынбыз.