Бүгін, 2 наурызда Ресей және Украина арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өтеді. Ақпаратты Украина президентінің кеңсесі растады, – деп хабарлайды РИА Новости.
Хабарламада айтылғандай, екі елдің келіссөз құрамы бірінші кездесудегідей өзгеріссіз қалады.
Келіссөздердің екінші кезеңі өтетінін бірінші болып Ресей президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлаған болатын.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский екі елдің арасындағы бірінші келіссөз қалай ақталғанын айтып берген болатын.