Зеленский Ресейді жаңа келіссөзге шақырды
Зеленский Ресейді жаңа келіссөзге шақырды
© Владимир Зеленский. Иллюстрация: yandex
301
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленский 8 наурызда бейнеүндеу жасап, Ресейді жаңа келіссөзге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости. Видеоүндеу президенттің өз  Telegram-каналында жарияланған. 
"Соғысты аяқтап, адамдардың мүддесі үшін әділ адамдармен  келіссөз жүргізу керек", - деді Зеленский.
Ресей мен Украина бұған дейін үш рет келіссөз өткізген. Тек екінші келіссөзде ғана тараптар гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға келісіп, тұрғындарды эвакуациялауға, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізуге жол ашылған. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді. Ал 7 наурызда Беларусь жерінде үш сағатқа созылған үшінші келіссөз аяқталды. Ресей-Украина делегациялары тағы да кездесуге келіскен.