Путиннің баспасөз хатшысы Ресей мен Украина қандай жағдайда келісімге келетінін айтты
Путиннің баспасөз хатшысы Ресей мен Украина қандай жағдайда келісімге келетінін айтты
© delfi.lt
357
оқылды
Украинада Австрия мен Швециядағыдай өз әскері бар қарусыз ел құру идеясы келісімге келу жолы ретінде қарастырылуы мүмкін, – деп мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, – деп хабарлады РИА НОВОСТИ
Ресей делегациясының жетекшісі, президент көмекшісі Владимир Мединский Киев келіссөздерде Австрия мен Швециядағыдай өз әскерә бар қарусыз ел құруды ұсынғанын хабарлады.
"Бұл қазір талқыланып жатқан және нақты келісімге келу мүмкіндігін беретін нұсқа", – деді Песков журналистерге.
Бұған дейін Украинаның Жоғарғы Рада депутаты Ресей президенті Владимир Путиннен Украина президенті Владимир Зеленскийді өлтіруді сұрағанын жазған болатынбыз.