Жүйелі жұмыс жүргізбеген
Жүйелі жұмыс жүргізбеген
571
оқылды
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында Ұлан ауданында 2020-2022 жылдар аралығында сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы іс-қимыл бойын­­­­ша жүргізілген жұмыстар тал­қы­­ланды.
«Аталған кезеңде Ұлан ауданының 68 мемлекеттік мекемесі мен квази­мем­лекеттік секторындағы сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүр­гізіліп, оның есебі аудан әкімінің ре­сми сайтында жарияланды. Талдау бары­сында мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анық­­талған жоқ. Бекітілген кестеге сәй­­кес 2022 жылға арналған сыбайлас жем­­қорлық тәуекелдеріне ішкі тал­дауды облыс әкімі аппараты биылғы та­мыз айында жүргізеді», – деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қуат Оқасов.
Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы жүр­гізген талдауы бойынша, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өз деңгейінде жүргізілмеген.
«Мониторинг пен талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мо­ниторинг жүргізу кезіндегі олқы­лық­тарды, сондай-ақ әкімдік және оның ведомстволық бағынысты ұйым­­дары қызметкерлерінің әдіс­те­рін зерделеу, еститін мемлекет тұжы­рым­дамасын және сыбайлас жем­қор­лықтың кез келген көріністеріне нөл­дік төзімділік атмосферасын іске асыру мақсатында жүргізілді. Сы­бай­лас жемқорлықты жою бағыты бойын­ша ауылдық округтерде жұ­мыс­тың жүргізілуі әлсіз. Мониторинг бары­сын­да Ұлан ауданының Таврия ауыл­дық округінде сыбайлас жем­қор­лық­тың алдын алу бағытындағы жұ­мыс­тан ол­қылықтар байқалды», – дей­ді Қо­ғам­дық кеңес жұмыс тобы­ның жетек­шісі Елена Березинская-Абилова.
Кеңес отырысы қорытындысына сәй­кес, ауданның мемлекеттік бас­қару органдары басшыларына сыбай­лас жемқорлықтың алдын алу бойын­ша жүйелі жұмыс жүргізілмеуіне бай­ланысты кеңес мүшелері тара­пы­нан ескерту жасалып, олқылықтарды тү­зетуге бір ай уақыт берілді.

Азат ҚАЗАҚ