Биылғы Құрбан айт мерекесі 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді.
Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады?
25,460
оқылды

Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Қазақстандықтар Құрбан айтта 3 күн – 15, 16 және 17 маусымда демалады.

Осылайша, маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады: 1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады: 1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.