Алматыда тұрғын үйді жалға алу бағасы бір жылда 48 пайызға өсті
Алматыда тұрғын үйді жалға алу бағасы бір жылда 48 пайызға өсті
354
оқылды
Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсім Қызылорда қаласында тіркелді. Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты, – деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында 27,9 пайызға өсті. Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсім – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласында (48,3%). Томирис Байғабыл