Сербия президенті Еуропаны әскери қақтығыс күтіп тұр деп есептейді
Сербия президенті Еуропаны әскери қақтығыс күтіп тұр деп есептейді
© qasym.buketov.edu.kz
2,272
оқылды

Егер Батыс Ресеймен келісімге келмесе, Еуропаны ауыр әскери қақтығыс күтіп тұр. Бұл туралы Сербия президенті Александр Вучич ұлттық телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде айтты, деп жазады  eadaily.com

«Мен бізді не күтіп тұрғанын білемін. Владимир Путин Северскте, Бахмутта және Соледарда шаруасын бітірген соң Славянск — Краматорск — Авдеевка желісінде оның ұсынысы түседі. Егер Батыс оның ұсынысын қабылдамаса, бізді тозақ күтіп тұр, бірақ Батыс ұсынысты қабылдамайды. Мен бізді қазіргіден де ауыр әскери қақтығыс күтіп тұр ма деп қорқамын. Балқанда соғыс болмайды деп үтіттенемін. Біз болашақты бейбіт ортада құру үшін Сербия халқы мен Сербияны, басқа да халықтарды  құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз», — деді Вучич.
Бұған дейін Ресей Украинада әскери қақтығыс басталғалы бері қанша әскерін жоғалтқанын жазған болатынбыз. Айта кетейік. Ресей Украина аумағына 24 ақпанда басып кірді.