Түркиядан 28 келі алтынды жасырын жолмен әкелгендер әуежайда ұсталды   
Түркиядан 28 келі алтынды жасырын жолмен әкелгендер әуежайда ұсталды   
Фото: kazlenta.kz
463
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері елорданың халықаралық әуежайында Ыстамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азаматты ұстады. Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген. Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.