Қаңтар оқиғасы: рақымшылыққа іліккендердің балалары мемлекеттік қызмет істеуіне кедергі болмайды
Қаңтар оқиғасы: рақымшылыққа іліккендердің балалары мемлекеттік қызмет істеуіне кедергі болмайды
Фото: ortalyq.kz
538
оқылды
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Рақымшылық жасау туралы“ заңға қол қойды. Қаңтар оқиғасынан кейін қамалғандардың ішінде рақымшылыққа іліккендер бостандыққа шығады. КТК-ның хабарлауынша, Қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасы жеңілдейді. Ал ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген. Егер сотталған адамның жазаны өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, онда олар да қамаудан шығарылады. Жалпы, рақымшылыққа 1 500 адам ілігеді. Сондай-ақ заңға сәйкес, рақымшылыққа іліккендердің балалары мемлекеттік немесе әскери қызметте жұмыс істеуіне ешқандай кедергі болмайды. Ал террористер мен экстремистер, түрмеде адамды азаптаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен мемлекетке опасыздық жасағандарға кешірім жоқ.