Қазбек Сағын MMA жарысындағы жеңісін Тоқаевқа арнады
Қазбек Сағын MMA жарысындағы жеңісін Тоқаевқа арнады
1,310
оқылды
Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең мықты промоушен Naiza 48 аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланды. Турнирге Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Жапония, Бразилия, Әзербайжан және Өзбекстаннан келген спортшылар қатысқан. Ақтөбелік спортшылар рингке Мемлекет басшысының портреті бейнеленген футболкалармен шықты. Мұнымен спортшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткеніне қуанышты екенін жеткізгісі келген. Кештің басты жекпе-жегінде Naiza лигасының белбеуі үшін 53 келіге дейінгі ең жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы, қоян-қолтық жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын және британдық файтер Джон Шинк кездесті. Ерекше әсерлі жекпе-жектің қорытындысы бойынша, DAR Team кәсіби клубының жауынгері Қазбек Сағын чемпиондық белбеу иегері атанды. Ол Naiza-дағы жеңісін ел Президентіне арнады.
«Командаға, өз бапкерім Азиз Разыевке алғыс айтамын. Біз нағыз батыр халықпыз. Елдің атын әлемге паш етуге дайынмын. Бүгінгі жеңісімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, әскери міндеттін орындап келген азамат ретінде еліміздің Бас қолбасшысына арнаймын», - деді Қазбек Сағын.