Алматыда су құбыры жарылып, көшені су басты
Алматыда су құбыры жарылып, көшені су басты
Фото: optimism.kz
271
оқылды
Алматының Мыңбаев көшесінде су құбыры жарылды. Бұл туралы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады. Мыңбаев көшесі, 49 мекенжайында су құбырының жарылуына байланысты сағат 03:40-тан бастап солтүстік бағытта орналасқан көшелерді, әсіресе, Әуезов көшесін су басты. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден арықпен ары қарай ағып жатыр. Көктайғақтың алдын алу үшін «Алматы тазалық» МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, тротуарларға 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті. Мамандар су басқан көше көктайғақ болғандықтан, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтып, апатты жағдайды туындатпас үшін оқыс әрекеттер жасамауға, аталған аумақтарды мүмкіндігінше айналып өтуге, жаяу жүргіншілерді тротуарлармен жүргенде сақ болуға шақырып отыр.