Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі.
Жаңаөзенде баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беріледі
1,161
оқылды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы жарылыс салдарынан қайтыс болған тұрғындардың отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі. Зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 05.00 шамасында (Астана уақытымен – ред.) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда жарылыс болды. Екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. 11 адам зардап шекті.