Жол апаты салдарынан әйел ауруханада қайтыс болды.
Оралда автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды
1,012
оқылды

Орал қаласында автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 1 мамыр күні түсте болды.

«Шамамен сағат 13.00-де 1970 жылғы жүргізуші №19 бағытпен жүретін автобуспен келе жатып, Құрманғазы көшесіндегі «Бибігүл» кафесі тұсындағы аялдамада «Тойота Камри» автокөлігімен соқтығысқан. Содан рульге ие бола алмай, 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес,  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір  оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр»,-  деп хабарлады ведомство.