1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Қазақстан қор биржасында доллар қымбаттады
578
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,70 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 454,13 теңге.

Ұлттық банктің 29 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,36 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,30 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 451,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 454,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 452,5 теңге, сатып алу құны – 456,5 теңге.

Ресей рублі 5,13 – 5, 37 теңге аралығында саудаланып жатыр.