Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 441,11 теңге болды.
KASE-де доллар тағы арзандады
1,188
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,64 теңгеге төмендеп, 1 доллар 440,55 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу – 445,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442 теңгеден болса, сатып алу – 446 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,90 – 5,04 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,87 – 5 теңгеден сатылуда.