Оқиға Өскемен қаласының маңындағы ауылда болған.
ШҚО-да жоғалған әйелді туған ұлы өлтірген
1,530
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім өз анасын өлтіріп, анасының мәйітін ешкім көрмейтін жерге жасырған, – деп хабарлады YK-news.kz.

Оқиға Өскемен қаласының маңындағы ауылда болған. Үш баланың анасы жұма күні кешке облыс орталығындағы жұмысынан үйге келген. Үйге жақындағанда кіші ұлы полэтилен пакетіндегі желімді иіскеп отырғанын көріп қойған. Анасы мен ұлы ұрысып қалған.

«Ол Әлиге ұрысып, кеудесі мен жағынған ұрып жіберген. Мас күйде болған жасөспірім анасының жейдесін жыртып жіберген. Сосын шапалақпен бір ұрып, жерге құлатқан», – деп жазады басылым.

Әйел орнынан тұрып, бәрін үлкен ұлына айтатынын айтып, үйге қарай жүрген. Сол кезде ұлы қолына тас алып, анасының басына лақтырып құлатқан. Содан басын мылжалағанша ұрған.

Жасөспірім анасының мәйітін қол арбамен бос тұрған көрші үйге апарып, қазылған шұңқырға жасырған. Қанға боялған киімін де сол жерге лақтырған. Кешкі уақытта оны ешкім көрмеген.

Жолда екі танысы кездесіп, одан ауылда неге ішкиіммен жүргенін сұраған. Ол күн ыстық екенін айтып, үйге ұйықтауға кеткен.

Ортаншы және үлкен ұлы, бұрынғы күйеуі әйелдің қаладан үйге оралмағанын айтып, дабыл қаққан. Бірнеше күннен кейін әйелге іздеу жарияланды. Кіші ұлы да қатысқан іздеу жұмысынан ешқандай нәтиже шықпаған.  

Әйелдің денесі 5 ай өткен соң табылды. Бос тұрған үйіне келген иесі шұңқырдан марқұмның жеке құжаты мен сөмкесін тауып алған.

Жауап алу кезінде жасөспірім анасын өлтіргенін бірден мойындаған. Сараптама оның қылмыс жасаған кезде мас болғанын, бірақ есі дұрыс болғанын анықтады. Алайда оның есірткіге тәуелділігі мен өзін кінәлі сезінгені мінез-құлқының бұзылуына әсер еткені белгілі болды.

Бүкіл отбасы қатысқан жабық сот процесінде үлкен ағасы судьялардан оған қатаң жаза – өмір бойына соттауды сұрады.

ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, судья қылмыскердің жасөспірім екенін ескеріп, оны кәмелетке толмағандар колониясында 10 жыл жазасын өтеуге үкім шығарды.