28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерде оқушыларға діни жиындар өткізген.
Петропавлда мектеп мұғалімі оқушыларға діни жиын өткізіп, миссионерлікпен айналысқан
1,732
оқылды

Петропавл қаласының аумағында СҚО ПД қызметкерлері қалалық мектеп мұғалімінің миссионерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықтады,  – деп хабарлады Рolisia.kz.

28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерде оқушыларға діни жиындар өткізген. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.

«ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды», – деп жазылған хабарламада.