16 жастағы қыз терезе жақтауында темекі шегіп отырып, 5-қабаттан құлап кетті.
Жітіқарада темекі шегіп отырған оқушы қыз 5-қабаттан құлап кетті
1,214
оқылды

Қостанай облысының Жітіқара қаласында 16 жастағы қыз терезе жақтауында темекі шегіп отырып, 5-қабаттан құлап кетті.

5 шілдеде сағат 02:40-та Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне Жітіқара қаласындағы №9 орта мектепке қарама-қарсы орналасқан қараусыз қалған амбулатория ғимаратының 5-қабатының терезесінен 2007 жылы туған қыздың құлап кеткені туралы ақпарат түскен.

"Жәбірленуші терезенің алдында темекі шегіп отырған. Содан соң басы айналып, төмен қарай құлап кеткен", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бойжеткен бел омыртқасының және қабырғасының сынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды.